Кәрім Көкірекбаев: Жамбыл облысы  2025  жылға дейін дамудың жаңа белесін бағындыруды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәрім Көкірекбаев: Жамбыл облысы  2025  жылға дейін дамудың жаңа белесін бағындыруды жоспарлап отыр

21.12.2017

 Өңір индустриалды – аграрлы аймаққа айналмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев «Жамбыл» телеарнасында өткен «Әкім сағатында» баян етті. Көрерменмен кері байланыс орнаған эфир барысында әулиеаталық әлеуметтің тоқсан тарау сауалына да жауап берілді.

Бұл Тәуелсіздік тарихындағы «100 жаңа есімнің» бірі – Сенбек Сейдәзімнің шаңырағы.  Жамбыл облысының құрметті азаматы отбасымен бірге «Әкім сағатын» көрді.  Көп дүниені көңілге түйді, көкейкесті сауалдардың да  жауабын естіді. 

Әкім сағаты 1 сағат 17 минутқа жалғасты. Аймақ тынысы, сан саланың қыруар жұмысы айтылды. Облысқа соңғы үш жылда 800 млрд теңге инвестиция тартылған. Дамудың басты бағамы - жалпы өңірлік өнім көлемі өсті. Жамбыл «жасыл» энергетикада да  көш бастап тұр. Болашаққа жоспар түзілді.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- 2025 жылға дейін Жамбыл облысы республикада 3-4 орынға шығуы керек. Ол үшін бәрі бар. Жердің асты да бай, үсті де бай.

Эфир барысында көрерменмен байланыс орнады.

«Taraztv.kz» сайтында онлайн көрсетілім жүрді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде сауал жолдауға мүмкіндік берілді. Бұл орайда, 10 ауданнан және  Тараз қаласынан сұрақтар келіп түсті. Ол үшін арнайы Call-орталық жұмыс істеді.

Әкім сағаты барысында 300-ден аса сауал келіп түскен. Оның бәріне бір мезгілде жауап беру мүмкін  емес. Сондықтан, көкейкесті сұрақтардың жауабы алдағы күндері баспасөзде жарияланбақ.  

Ж. САҢҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу