Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық еткен жиында жастардың жұмыссыздығы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық еткен жиында жастардың жұмыссыздығы талқыланды

21.12.2017

Астанада жұмыссыз жастар саны екі мың, ал жұмыс берушілер тарапынан сегіз мың ұсыныс түсіп отыр. Бұл туралы Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысында «Жастар» орталығының директоры Талғат Қалиев айтты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық еткен алқалы жиында министрлермен қатар, депутаттар, сарапшылар мен елдегі жастар ұйымдарының төрағалары пікір білдірді. «Жастардың жұмысқа деген құлықсыздығы бірінші кезекте мамандық таңдаудағы жауапкершіліктің болмауы», - дейді сарапшылар. Бұл ретте балаларды мектеп жасынан бастап қажетті, сұранысқа ие кәсіпке баулу көзделіп отыр.   

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

- Қазір барлық білім беру мекемелерінде «Түлектер тақтасы» деген жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның басты мақсаты - жастарға жалпы еңбек нарығында қандай мамандықтарға қажеттілік бар екенін, қандай мамандықтарға перспективалардың зор екенін, соны түсіндіріп, ақпарат беру.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу