«Alser» сауда жүйесі Астанадан үш пәтер ойнатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Alser» сауда жүйесі Астанадан үш пәтер ойнатады

20.12.2017

«Alser» сауда жүйесі тұтынушыларына Астанадан 3 пәтер ұтып алуға мүмкіндік берді. Бұл науқанға қатысудың жолдары өте қарапайым. Елдегі кез келген «Alser»  компаниясынан Samsung маркалы тұрмыстық-техникалық зат сатып алып, оны Like it бағдарламасына тіркесеңіз болды. Сіз жаңа пәтер ұтып алып, Астана тұрғыны атанасыз. 27-қарашадан басталған ұтыс ойыны 2018 жылдың 14 ақпанына дейін жалғасады.

«Кел. Сатып ал да, ұтып ал!». Бұл «Alser» компаниясының клиенттерге берген жаңа мүмкіндігі.  «Alser» - отандық нарықта 20 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Олар әлемдегі ең озық сандық технологияның жетістіктерін қазақстандық тұтынушыларға қолжетімді етіп отыр. Сондықтан, Жаңа жылға орай клиенттеріне сыйлық дайындап, лоторея ойнатады.  

Сергей Бенедь, «Alser» сандық техника дүкендер желісінің бас директоры:

- Астанадан үш пәтер тігіп отырмыз. Сондай-ақ, тоңазытқыш, теледидар, қысқа толқынды пеш сияқты 2018 бағалы сыйлық ойнатып жатырмыз. Бұл келе жатқан Жаңа жылда 2018 сатып алушыға қуаныш сыйлайды деген үміттеміз 

Бүгінде «Alser» компаниясы сандық техника дүкендер желісінің 155 сауда орны республикадағы 60 қала мен ірі елді мекендерде орналасқан. Сондықтан, Астанадан пәтер ұтып алуға барлық аймақ тұрғындарының мүмкіндіктері мол. Ал, үш пәтердің алғашқысын науқанға қатысушы балалар көпшіліктің алдында таңдады.   

Осылайша, бірінші пәтерді Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласының тұрғыны Меруерт Карменова ұтып алды. Ол бірнеше күн бұрын Samsung смартфонын сатып алған. Алайда, «ұтысқа ие боламын», деп ойламаған.

Эдуард Ким, «Alser» сандық техника дүкендер желісінің маркетинг директоры: 

- Кең ауқымды ойнатылымның бүгін бірінші ұтысын бердік. Ұтысты әділ, әрі көпшіліктің алдында жария түрде береміз. Сондықтан, кез келген азаматтың біздің науқанға сеніммен қатысуына болады. 

«Alser» дүкенінің тұрақты клиенттері www.alser.kz интернет порталы арқылы немесе несиеге тұрмыстық құрал-жабдық алу арқылы да науқанға қатысады. Қосымша ақпаратты ВК, Facebook, Youtube және Instagram әлуметтік желілеріндегі арнайы парақшалардан алуға болады. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу