Астанада ауа райының суықтығына қарамастан, ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Шара ашық аспан астында ЭКСПО алаңында өтті. Дәл мұндай жоба әлемде бұрын-соңды болмаған. Осылайша, ұйымдастырушылар бір мезеттегі көпшілік қимылын «Гиннес» рекордтар кітабына енгізуді көздейді. Шараға қатысқандар сертификат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аяжан Жұбанышова, шара ұйымдастырушысы:
- Әлем бойынша бірінші рет болып тұрған флешмоб. Бұдан басқа ерекшелігі - 4 бағалы сыйлығымыз бар. Қазіргі таңдағы тренд «Айфон Х», фитнес клубқа абонементтер және бір адамға Парижге 7 күндік жолдама.