Электр энергиясы туралы заңға өзгерістер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергиясы туралы заңға өзгерістер енгізілді

19.12.2017

Құжаттың көздегені электр тасымалдайтын компанияларды ірілендіріп, шығынды азайту болатын. Бұл шаралар тұрғындар үшін арзан электр энергиясын беруді мақсат еткен. Заң жобасын ұсынғандар, яғни, Энергетика министрлігі депутаттардың алдында электр энергиясы арзандайды деп уәде берген еді. Алайда, бұл құр сөз болып қалды. Мәжіліс депутаты Шакир Хахазов Премьер-Министрдің атына осындай сауал жолдады. Оның айтуынша, дифференцияланған тарифті алып тастағаннан кейін тұрғындар да, кәсіпкерлер де шығынға батып отыр.

Шакир Хахазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азаматтар бұрын киловаттына 4 теңге, кәсіпкерлер 5 теңге  төлейтін, қазір 24 сағат бойы 13 теңге, заңды тұлғалар 16 теңге төлеуге мәжбүр. Бұл коммуналды төлемдердің және нан бағасының өсуіне әкеліп отыр. Сондықтан да Үкіметке тарифті сеткаға өзгерістер енгізуді сұраймыз.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу