Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаңа жатақханасында жарылыс болды. Ғимараттың бірінші қабатындағы пәтерде газ баллоны атылып, екі адам зардап шеккен. Дәрігерлердің қабылдауында болған 25 жастағы әйел адамның беті мен мойнын 1-ші және 2-ші дәрежелі термикалық күйік шалған. Ол амбулаториялық ем алып жатыр. Жалпы, екеуінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ, 31 жастағы ер адамның нақты қал-ахуалы туралы мамандар аурухананың ішкі тәртібіне байланысты ештеңе айта алмаймыз дейді. Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника тартылған.
Әміржан Қадыров, БҚО ТЖД бас маманы:
- Достық даңғылы бойындағы бес қабатты 162 үйдің №1 пәтерінде сыйымдылығы 220 грамм газ-ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан сол пәтердің есік-терезелері жұлынған. №2 пәтердің кіреберіс есігіне де зақым келген.
Нысаналы ЫҒЫЛ