Мәскеу қаласында ТМД Экономикалық кеңесінің 76-шы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу қаласында ТМД Экономикалық кеңесінің 76-шы отырысы өтті

18.12.2017

Жиынға қатысушылар Достастық елдерінің экономикалық ынтымақтастығына қатысты 10-нан аса мәселені жан-жақты талқылады. Мәселен, мемлекетаралық инновациялық жобаларды әзірлеу және қаржыландыру ережелерінің жобасы мен электронды және электротехникалық қондырғылардың қалдықтарын пайдалану туралы құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар кеден ісі бойынша ынтымақтастық келісіміне өзгерістер енгізетін болып уағдаласты. Соның арқасында енді ТМД елдерінің орталық Кеден комитеттері ғана емес, аймақтардағы бөлімшелері де өзара ақпарат алмаса алады. Бұдан бөлек, теміржол саласында келісілген тариф саясатын жүргізу жайы да пысықталды. Осы және өзге де мәселелер енді ТМД Үкімет басшыларының Кеңесінде талқыланады.

Андрей Кушниренко, ТМД атқару комитеті Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры:  

- Жиын барысында экономикалық кеңес мүшелері ТМД аумағындағы қызмет түрлерінің еркін сауда айналымы туралы келісімді тездетуге ерекше мән берді. Себебі, бұл мәселе 5 жылдан бері талқыланып келе жатса да, әзірге нәтиже болмай тұр. Сондықтан, енді бұл мәселені сарапшылар деңгейінде талқылауды доғарып, Экономика министрлерінің қарауына ұсынатын болдық. Яғни, 2018 жылдың соңына дейін келісімге қол қойылады деп ойлаймын.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу