Сенат «Әкімшілік құқықбұзушылықтар» туралы кодекске өзгертулер енгізетін құжатты Мәжіліске кері қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат «Әкімшілік құқықбұзушылықтар» туралы кодекске өзгертулер енгізетін құжатты Мәжіліске кері қайтарды

14.12.2017

Парламент Сенаты «Әкімшілік құқықбұзушылықтар» туралы кодекске өзгертулер енгізетін құжатты талқылап, Мәжіліске кері қайтарды. Аталған заң жобасы Елбасының заңдарды ізгілендіруге қатысты тапсырмасы бойынша әзірленген. 
Заң жобасында салық қатынастары саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған күннен бастап, екі ай өткен соң әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдардың ең жоғары шегін бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүзге дейін азайту көзделуде. Жалпы, құжат бірқатар қылмыс түрлері бойынша жазаны ізгілендіруге бағытталады.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Кәсіпкерлерге келетін болсақ, бірінші жауапкершілікке тартқанда ескерту ғана береміз. Соған сәйкес, кәсіпкерлердің жүктемесін азайту.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу