Шетелдерге шығатын Қазақстан азаматтары үшін жаңа мобильді қосымша жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдерге шығатын Қазақстан азаматтары үшін жаңа мобильді қосымша жұмыс істей бастады

14.12.2017

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жобаны журналистерге таныстырды. Онда қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай елдер туралы тиімді ақпарат пен қауіпті жағдайларда өзін ұстау ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер сияқты басқа да маңызды ақпараттар қамтылған. Санитарлық-эпидемиологиялық және қылмыстық жағдайлар туралы да мәліметтер бар. Бастысы, кез келген елдегі Қазақстан консулдығымен тікелей байланысқа шығуға болады. Бұл шет елдерде түрлі оқиғаларға тап болып жататын Қазақстан азаматтарына жылдам көмек көрсетуге мүмкіндік бермек. Мобильдік қосымшаны әзірлеу кезінде өзге елдердің тәжірибелері де ескерілген. 

Ардақ Мадиев, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры:

- Түрлі көмек көрсетеміз. Паспорт жоғалғаннан бастап, ауруханаға түскендерге, жол апатына ұшырағандарға жедел медициналық көмек көрсету, тиісті қиын операциялар жасау. Консулдық қызмет департаментінің басты мақсаты - шетелде жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу