«Таңшолпан» бағдарламасына - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасына - 25 жыл

14.12.2017

Бүгін Қазақ телевизиясы тарихындағы ең ұзақ жасап келе жатқан тележобалардың бірі «Таңшолпан» бағдарламасына - 25 жыл. Тұңғыш таңғы бағдарлама 1992 жылы 14 желтоқсанда сол кездегі Телерадио корпорацияның басшысы, әйгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның тікелей тапсырмасымен эфирге шықты.

1990 жылдардың басында Ұлттық арна эфиріне күн сайын «ТВИН» телекомпаниясының «Сәлем, Қазақстан!» атты орыс тіліндегі бағдарламасы шығатын. Тек арагідік қазақша жаңалықтар ғана берілетін. 1992 жылы арнаның сол кездегі басшысы Шерхан Мұртазаның тікелей бастамасымен бағдарлама ұжымы жасақталып, екі апталық дайындықтан кейін «Таңшолпан» эфирге шықты.

Хадиша Жәмекова, «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы жүргізушісі:

- «Таңшолпан» қазақ телевизиясындағы өміршең жобалардың бірі. Тәуелсіздікпен қатар басталған бағдарлама қазірге дейін аптасына алты рет, таңғы 7-ден бастап үш сағат бойы хабар таратады. Талай тілшінің ұстазы болған бағдарлама 2012 жылы желтоқсан айында Астанадан эфир тарата бастады.

Ұлттық арна ұжымындағы ең ірі редакциялардың бірі алдағы уақытта да сіздер үшін қызмет ете бермек. Ұлттық арна қосулы болсын!

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу