«Цифрлы Қазақстан» кәсіпкерлерге серпін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Цифрлы Қазақстан» кәсіпкерлерге серпін берді

13.12.2017

Елбасы ұсынған «Цифрлы Қазақстан» және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламалары экспорттық кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығуына жол ашты. Мысалы, қазір ғаламтор нарығындағы мобильді сауда жүйесімен елдегі кәсіпорындар «Жібек жолы» бойындағы мемлекеттерге еркін сауда жасай алады. Ал, бұл бағытта электронды сауданың онлайн төлемдері мен тауарларын логистикалық тасымалдауды пошта арқылы жүргізеді. Осы себепті сыртқы нарыққа өнім экспорттайтын өндіріс орындарының тынысы кеңейді. «Бұл еліміздегі тұтынушылардың да импорттық тауарларға қолжетімділігін арттырды», - дейді экономистер. Бұған сәйкес, бөлшек сауда мен көтерме сауда нарығы шағын және орта бизнеске дем берді. 

Сардор Мұхамедалиев, кәсіпкер:

- Шын мәнінде «Цифрлы Қазақстан» жобасы арқылы Елбасы барлық кәсіпкерлерге зор мүмкіндік берді. Енді біз қазір көптеген отандық өнімдерді әлемдік нарыққа еркін шығарып жатырмыз. Озық отыздыққа ену үшін жаһандық үдерістерді игеріп, технологияның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану керек. Бұл тұрғыда ғаламтор нарығы үлкен алаңға айналып келеді. Сондықтан, біз мобильді сауданың нарығын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.    

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу