Қазақстандық ІТ компаниялар Ресей нарығына шығуға мүдделі. Алайда, олар көрші елдің мемлекеттік мекемелеріне өз өнімдерін ұсына алмай келеді. Себебі, ондағы заң талабы бойынша компанияның кем дегенде 51 пайызы Ресей үлесінде болуы шарт. Елордада өткен Ресей мен Қазақстандағы сандық өзгеріс тақырыбындағы сарапшылардың басқосуында кәсіпкерлер осы мәселені көтерді. Көрші мемлекеттің өкілдері бұл саладағы ынтымақтастық алдағы уақытта беки түсетіне сенімді. Оған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалынған келісімдер көмек болмақ.
Игорь Соколов, Ресей ғылым академиясының «Ақпарат және басқару» федералды зерттеу орталығының директоры:
- Бүгін бұл мәселенің көтерілуі заңдылық деп есептеймін. Себебі, қазақ компанияларының Ресей нарығына кіруі әбден дұрыс. Бұл қос тарапқа да тиімді. Өйткені, бәсеке бар жерде сапа бар. Енді Еуразиялық одақтың тетіктерін пайдалана отырып, оң шешім шығару қажет деп ойлаймын.