Үкімет отырысында бюджеттің атқарылу барысы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында бюджеттің атқарылу барысы қаралды

12.12.2017

Бюджеттің қаржысын толығымен игеріп бітуге бірнеше күн ғана қалды. Аймақтар мен министрліктер желтоқсанның 20-на дейін қаражатты игеруі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет басшысы «бюджет қаржысы жіті бақылауда болуы тиіс» деп  ескертті. Сондай-ақ, отырыста қаңтар мен қараша айларында еліміздің экономикалық көрсеткіші 3,9 пайызды құрағаны белгілі болды. Ал, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Демек, ел экономикасында тұрақты өсім байқалуда. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артып, 5,7 пайызға жеткен.

Хабарламаларға жазылу