Қызылорда облысында бала өлімі биыл 28 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бала өлімі биыл 28 пайызға төмендеді

11.12.2017

Ал, ана өлімі мүлдем тіркелмеген. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Пилоттық жоба «Юнисеф» қорының ұсынысымен екі жыл бұрын Сыр өңірінде жұмысын бастаған. Бағдарлама аясында орта деңгейлі медицина қызметкерлері, әлеуметтік мамандар мен психологтар 5 жасқа дейінгі балалы отбасылар мен жүкті әйелдердің үйлеріне барып, көмек көрсетіп, сәби күтіміне қатысты кеңестер беріп отырады. Соның нәтижесінде үйдегі бала өлімі, жарақаты, инфекциялық аурумен науқастану көрсеткіші төмендеген. Бұл аурудың 250-ге жуық түрін қарайтын педиатрдың да жұмысын әжептеуір жеңілдеткен. Министрлік заманауи мүмкіндіктерді пайдаланып жас аналармен онлайн байланысып отыру керектігін де айтты. Жемісті жоба келер жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында енгізілмек.

Ақмарал Әлназарова, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, оның ішінде «Юнисеф» балалар қорына алғысымызды білдіргіміз келеді. Сәбилер өлімін айтатын болсақ, 1000 баланың 13-14-і шетінейтін. Енді 2016 жылдың қортындысымен 10 балаға дейін түсірдік. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 8,5 болып тұр.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу