Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі алғаш рет табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі алғаш рет табысталды

11.12.2017

Мемлекет басшысы тағайындаған награданы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-ға жуық меценат алды. «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының аясында ұйымдастырылған меценаттар форумында өзге де қайырымдылық жасаған жандарға құрмет көрсетілді. Жалпы, биыл меценаттар мың жарымға жуық игі шара жасаған. Салтантты рәсімге Парламент Мәжілісінің Ассамблеядан сайланған депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Алғаш рет төсбелгі таққандардың ішінде Алматы облысындағы ауылдардың біріндегі қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы да бар.

Рүстем Бақтыбаев, «Жомарт жан» төсбелгісінің иегері:

- Астананың төріне шақырып құттықтағанына Елбасымызға, ҚХА көптен көп рахмет. Біздің ауылдың ерекшелігі ауызбірлігінде. Көп этнос тұрғаннан кейін бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу