«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» мүшәйрасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» мүшәйрасы аяқталды

08.12.2017

«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы». Дәл осындай атауды арқау еткен журналистер арасындағы мүшәйра өз мәресіне жетті. Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасынң қолдауымен іске асты. «Конкурстың мақсаты - еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін көпшілікке таныту. Баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру», – дейді ұйымдастырушылар. Әрі қалам ұстаған қауым арасынан келешегі бар жаңа есімдерді анықтау. Жеңімпаздарға 1 млн. теңгенің сертификаты табысталды. Салтанатты шараға мемлекет қайраткерлері мен қоса танымал журналисттер де қатысты. 

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы директорының орынбасары:

- Биылғы жылы 100-ден астам жұмыс түсті. Үздік жұмыс иелері өз жүлделерін алды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу