Бизнесті сотта қорғауға арналған жол картасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесті сотта қорғауға арналған жол картасы әзірленді

07.12.2017

«Кей шенеуніктердің кесірінен бизнес банкротқа ұшырап жатыр». Жоғарғы сотта өткен форумда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Оның айтуынша, елімізде жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып тынады. Жалпы, сотта қаралған істердің әрі кетсе 30 пайызы ғана бизнестің пайдасына шешіледі екен. Кесірінен кәсіпкерліктің кері кететіні айтылған форумда Жоғарғы сот пен «Атамекен» палатасы аталған мәселемен бірлесіп күресуге келісті. Ол үшін тараптар бизнесті сотта қорғау бойынша әзірленген жол картасына қол қойды. Жол картасы бойынша салық пен кеден, экология және әкімдіктермен болатын дауларға қатысты жеті салаға талдау жүргізіледі.

Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

- «Атамекен» ҰКП бүкіл республикадағы кәсіпкерлердің басын біріктіріп отырған үлкен ұйым. Сондықтан, бұл қоғамдық ұйыммен санасу керек. Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуға тиіс. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу