Адам құқығын аяқ асты қылуға жол жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құқығын аяқ асты қылуға жол жоқ

07.12.2017

Адам құқығын аяқ асты қылуға жол жоқ. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының халықаралық адам құқығы күніне арналған дөңгелек үстел отырысында Бас прокурор Жақып Асанов осылай деді. Ол Прокуратурада атқарылған іргелі істер жайлы баяндады. Қазіргі таңда, прокурорлар ең ашық әрі жария ұйымға айналған. Дөңгелек үстелге Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, халықаралық ұйым басшылары мен елшілер қатысты. Жалпы, 10-желтоқсан дүниежүзінде Адам құқықтары күні ретінде аталады. Жиналғандар адам құқығы мен бостандығының сақталуы мен бұзылмауына Конституция кепіл екенін алға тартты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:

- Біздің комиссия сот орыны емес, прокуратура емес, бізде тергеуші жоқ. Бірақ қоғамдық ұйым ретінде бізге түскен арыз шағымдардың сол құзырлы органдардың дұрыс орындалуын қарап отырамыз. Біз оны қоғамдық бақылауға аламыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу