Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы ширайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы ширайды

07.12.2017

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін жетілдіру үшін  бірыңғай жұмыс істеу моделін жасақтады. Оны Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында Ассамблея төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай таныстырды. Айта кету керек, қазір елімізде 3000-ға жуық Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Алайда, бірқатар өңірлерде олардың белсенділігі тым төмен. Олардың кейбір мүшелері тіпті, Қоғамдық келісім кеңестері мен мемлекеттік орган жанындағы қоғамдық кеңестердің ара жігін ажырата алмайды. Сондықтан, Ассамблея келісім кеңестерінің жұмысын жандандыруды қолға алған.  Олардың қызметінің бірыңғай моделінде мемлекеттік органдармен қалай қарым-қатынас  орнату және мәселелер мен кикілжіңдерді шешудің нақты тетіктері көрсетілген.

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Қоғамдық келісім кеңестері Ассамблеяның барлық құрылымдарында жұмыс істейді. Тіпті, ауылдарға, елді мекендерге дейін барады. Әрбір отбасының әлеуетіне дейін зерттеп біле алады. Ауылды мекендерде отбасының мынадай жағдайы бар, мына отбасының мынадай жағдайы бар деген сияқты. Солардың барлығын зерттеп, мемлекеттік бағдарламаларға ұсыныстар жасай алады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу