Алматы облысында жаңа су электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жаңа су электр станциясы іске қосылды

07.12.2017

Кәсіпорын Текелі қаласының маңындағы Қора өзені бойына салынды. Электр қуаты толығымен ішкі нарыққа жіберілетін болады. Жоба мемлекеттің «жасыл экономика» саясаты аясында 2015 жылы қолға алынды. Құрылыс жұмыстарына 200 адам жұмылдырылса, су электр станциясында 30-ға жуық маман еңбек етпек. Қора Гидро Электр Станциясы қуаты жағынан облыстағы Мойнақ станциясынан кейін екінші орында. Жалпы, Жетісу өңірі қайта қалпына келетін энергия көздерін өндіруге өте қолайлы аймақ. Сондықтан, облыс басшылары бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Әлімжан Тохтасунов, облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- 46 жоба қосылады. Сонда жалпы саны 98-ге жеткіземіз. 2025 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес, гидроэнергетика облыста 3 700 Мвт электроэнергия береді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу