Туризмнің әлеуетін арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризмнің әлеуетін арттыру керек

06.12.2017

Қазіргі уақытта Жалпы ішкі өнімдегі ішкі туризмнің үлесі 1 пайыз ғана. Елімізде бұл саланың әлеуетін арттыру керек. Мәжілісте бүгін осы мәселе талқыға түсті. Қазақстанның географиялық орналасуы жағынан қолайлы болғанымен, туристік өнім жоқ. Яғни, инфрақұрылымның жағдайы мәз емес, қонақтарды қабылдайтын нысандарға жөндеу жүргізілмеген. Депутаттар келесі жылдан бастап туризмді дамыту туралы заңға өзгерістер енгізбек.

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы сала дұрыс көтеріліп кетуі үшін жеңілдіктер қажет. Бір күрделі мәселе ол визаларға келіп тіреледі. Айтылатын мәселе Қазақстанға келтіру, әуежайдан бастап, барлық жұмысты жеңілдетуге арналады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу