Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір кезінде онлайн режимде іске қосты. Жалпы, өткен 7 жылда индустрияландыру бағдарламасына 5,2 трлн. теңге жұмсалған. Ал, өндірілген өнім көлемінің бағасы 9,5 млрд-қа жетті. 100 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, әлемнің 112 еліне өнім экспортталып жатыр. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан арқылы бүгінде 5 теміржол, 6 тас жол дәлізі өтеді. Оның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бар. Бұл бағыттағы жүк жеткізу уақыты 14 күннен 10 күнге дейін қысқарған. Еліміздің транзиттік әлеуметін арттыратын тағы бір жобаның бірі - Құрық порты. Бұл жерден енді жылына 1 млн. 200 мың тонна жүк жөнелтілмек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы. Әрқайсысы өте үлкен шаруа. Ұрпаққа мәңгілікке қалатын нәрсе жасалып жатыр. 50-100 жыл өткенде осы жолмен елдің бәрі жүретін болады. Сол кезде бабаларымыз салып кеткен деп айтып жүреді. Оның бәрін Еуропада естіп жүрміз. Сондықтан, ұлы жобаға қатысқандарың үшін құттықтаймын! Елге үлкен жақсылық жасадыңдар.