Квазимемлекеттік секторда жемқорлық көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Квазимемлекеттік секторда жемқорлық көбейді

06.12.2017

Квазимемлекеттік секторда жемқорлық өршіп тұр. Бұл туралы Алматыда өткен алқалы жиында сала мамандары айтты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өкілдерінің сөзінше, жемқорлық құқықбұзушылықтар саны көбейді. Мәселен, былтыр 137 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш екі еселенді. Оның 55 пайызы сатып алу қызметінде кездескен. Бұған бірыңғай әдістің болмауы, ашықтық деңгейінің төмендігі және қоғамдық бақылау тетігінің жоқтығы себеп. Сондықтан, басқосуда заңгерлер осы сектордың қызметіне кедергі келтіретін жемқорлықты болдырмау үшін одан құтылудың жолдарын қарастырып, ұсыныстарын жеткізді.  

Нұрлыбек Тәуекелов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы:

- Бүгінгі қоғамда орын алып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды анықтау немесе соны қадағалау деп айтсақ та болады. Азаматтық бақылаудың негізгі міндеті қоғамда болып жатқан жемқорлықтың алдын алу.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу