Батыс Қазақстан облысында 20 елді мекеннің халқы сапалы ауызсумен қамтылды.Бұған дейін суды шалғайдан тасып ішіп келген жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізді. Жыл соңына дейін барлығы 55 ауылға таза су құбыры тартылмақ. Талай жыл таза судан тапшылық көріп келген Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Жаңақала және басқа да аудандардың 65 мың тұрғыны өркениет игілігін көреді. Бұл іске «Нұрлы жол» арқылы 74 млрд. теңге бөлінген.
Ұлдай Бектұрсынова, Новопавловка ауылының тұрғыны:
- Енді сыртқа шықпаймыз, барлығы үйде. Қартайған шағымызда рахатқа бөленіп, соған қуаныштымыз. Қуанышымызда шек жоқ. Бұрын қаладан алып келетінбіз. Сосын ауылда қай үйде тұщы су бар болса, содан іздеп алатын едік. Көп қиындық көрдік.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ