Елордада «Рождество базары-2017» қайырымдылық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Рождество базары-2017» қайырымдылық шарасы өтті

04.12.2017

«Рождество базары-2017». Осындай атпен елордада 10-шы мерейтойлық қайырымдылық шарасы өтті. Елімізде тіркелген дипломатиялық миссияның өкілдері әлемнің әр түкпірінен әкелінген бұйымдар мен ерекше заттарды төмен бағамен сатылымға шығарып, шағын көрмелер ұйымдастырды. Сондай-ақ, әр елшілік келушілерге ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. Шарадан түскен қаражат республикадағы балалар үйіне аударылады. Былтыр өткен Рождество базарынан 100 мың доллардан аса қаржы жиналған. Сондай-ақ, мерейтойлық шараға келушілер арасында арнайы лоторея ойнатылып, жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталды. 

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Қызметкерлер бұл шараға қыркүйек айынан бастап дайындалды. Кеше өзім келіп көрдім. Өздері ешкімді жалдамай, стендтерін, түрлі бұйымдарды қолдан жасады. Әр елшілік бір-бірінен асып түскісі келіп, кассаға көп қаражат салғысы келеді. Дипломаттардың мұндай әрекеті қуантады. Барлығына шексіз алғыс айтқым келеді.

Хабарламаларға жазылу