Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді

01.12.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен ел дамуы жолындағы атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Әлемдік саясат сахнасында өзіндік орны бар сұңғыла саясаткер.

Сондықтан, Мәслихат депутаттары тұрғындардың өтінішін ескеріп, Алматы төріндегі даңғылға Елбасының есімін беруі - бағалаудың емес, ұлықтаудың белгісі. Танымал алматылық қоғам қайраткерлері осыны айтты. Олардың сөзінше, қазір Қазақ елі жаһанның алпауыт елдерімен терезесі тең дәрежеге жетті. Экономика мен мәдениеті өркендеп, әлеуметтің әлеуеті де артты. Бұл Мемлекет басшысы ұстанған сарабдал саясаттың нәтижесі.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Елбасымыздың есімі Алматы қаласының көрнекті бір көшесіне берілуі бұл бар қазақтың қуанышы. Әрине, Алматы - бұл біздің Тәуелсіздігіміздің тұғыры. Осы жерден алғаш қадамын алған.

Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы:

- Жақсы шарықтаған кезеңнің үстінде тұрмыз. Міне, шарықтаған кезеңіміз арқылы осындай дәрежеде жүрген азаматты біз қалай құрметтемейміз. Сол үшін біз қазір үлкен көшенің атын Алматы қаласында беріп отырмыз. Бұл өте дұрыс шешім.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу