Әскерилер баспанамен қамтамасыз етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер баспанамен қамтамасыз етіледі

30.11.2017

Сенат әскерилерді баспанамен қамтамасыз ететін заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес тұрақты жұмысы бар, бірақ, тұратын үйі жоқ 60 мыңнан астам әскери баспаналы болады. Өйткені, үш жылда әскерилердің баспанасын жалға алу үшін 50 млрд. теңге жұмсалған. Бұл қаражат үйлерін жалға берген жеке кәсіпкерлердің қолында кетті.

Енді тұрғын үй төлемдерiнiң 100 пайызы екiншi деңгейлi банктердiң арнайы шоттарына аударылады. Төлем үйдегі адам санына байланысты беріледі. Аталған бағдарлама бойынша ұсынылатын тұрғын үй заемы 5% жылдық мөлшерлемемен беріледі. «Тұрғын үй жинақ банкі» арнайы жоба ұсынып отыр. Оған сәйкес, бастапқы пайыз тіпті нөл пайыздан басталады.

Рашит Әкімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Баспанамен қамтамасыз етілмеген, бірақ, әскери мерзімін өтеуге аз уақыт қалған әскери қызметкерлерді тұрғын үй мәселесімен қамту мәселесі қалай шешіледі?

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Олардың саны 7 мыңдай болады. 15 жыл қызмет етсе, сол 15 жылғы ақшасын біржолғы төлейміз.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу