Кәсіпкерлер тексерістерге уақыт ұттырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер тексерістерге уақыт ұттырмайды

04.03.2014
Кәсіпкерлер тексерістерге уақыт ұттырмайды

Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғанына қарағандылық кәсіпкерлер ризашылықтарын білдіруде. Енді осы уақыт аралығында бизнес өкілдері түрлі қадағалау жұмыстарына уақыт жоғалтпайды. Тиісінше, Елбасы халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырманы орындап, шаруасын ширатуға міндетті.

 
2015 жылға қарай Үкімет бақылау жүйесін қайта қарап, қажеті жоқ талаптарды 30 пайызға дейін қысқартпақ. Бұл да болса бизнесін түлетем дегендерге келтірілетін кедергілерді азайтады, дейді кәсіпкерлер.
 
Павел Сапачук, Машинақұрастыру кәсіпорнының сауда-саттық директоры:
Бұл мораторий өте ыңғайлы болды. Жоспарлы тексерістердің өзі алынып тасталды. Енді осы аралықта тек бизнесімізді дамытуға күш салуға міндеттіміз. Бас прокуратура ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнеске қатысты тексерістер жөніндегі ақпаратты ұсынып отыруының өзі орынды. Палата мен кәсіпкерлердің қарым-қатынасын нығайтпақ.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу