Қазақстандағы ұлтаралық татулық – Ресейге үлгі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ұлтаралық татулық – Ресейге үлгі

29.11.2017

Мәскеудегі сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Ресей Мемлекеттік Думасының Ұлт істер жөніндегі комитет төрағасы Ильдар Гильмутдиновпен кездесті. Басқосуда ресейлік депутат көрші елдегі ұлттық саясаттың негізгі бағыттары мен ұлтаралық татулықты сақтау үшін заңнамалық тұрғыда қандай істердің қолға алынғанын айтып берді. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай қазақстандық тәжірибемен бөлісіп, Ассамблея аясында ұлт пен ұлысты ұйыстыру бағытында іске асып жатқан жобаларды баяндады.    

Ильдар Гильмутдинов, РФ Мемлекеттік Думасы Ұлт істері жөніндегі комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі кездесуде біз ұлтаралық қарым-қатынас орнатудағы, жалпыұлттық саясат жүргізудегі қазақстандық тәжірибе туралы көп айттық. Тіпті, Ресей халықтары Ассамблеясын да Қазақстанның үлгісіне қарап отырып құрғанымыз жасырын емес. Кездесу барысында біз парламентаралық байланыстарды арттыруға келістік. Себебі, ұлтаралық қарым-қатынас саласында заңнамалық база үнемі жаңарып отырады. Сондықтан, кейбір заңдардың Қазақстанда қалай іске асып жатқанын білгіміз келеді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу