Бүгін елімізде Экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елімізде Экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды

29.11.2017

Тиісті ақпар Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте жария болды. Жаңа құрылған қауымдастықтың президиумын Әлия Назарбаева басқарады. Бірлестік мақсаты - табиғат жанашырларының басын біріктіру, қоршаған ортаның ахуалын жақсарту және тұрғындардың осы саладағы білімін жетілдіре түсу. Ұйымның қамқоршылық кеңесіне «жасыл экономика» бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, жасылдандыру тұжырымдамасының авторы Рае Квон Чунг енді. Спикерлер ең алдымен Астана көгіндегі көк түтінді жеңу жолдарын сөз етті.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:

- Көк түтін мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, көп елде проблема. Қытай, Корея, Еуропа тіпті Мадрид, Лондон, Париж үшін күрделі мәселе. Астанадағы көк түтін мәселесін шешуде бүгін құрылған ұйым белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Аталған мәселеде Үкіметтің шешімі сөзсіз шешуші рөл ойнайды.

Хабарламаларға жазылу