Қазақстан түркі тектес елдер ішінде танымалдылығы жағынан Түркиядан кейінгі екінші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан түркі тектес елдер ішінде танымалдылығы жағынан Түркиядан кейінгі екінші орында тұр

28.11.2017

Бүгін «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих. Таным. Тұлға» конференциясында академия басшысы Дархан Қыдырәлі осылай деді. Зерттеу Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия астаналарының тұрғындары арасында жүргізілген. Сауалнамаға 500-ден астам респондент таңдалып, олар 50-ден астам сұраққа жауап берген. Сонымен қатар, бүгін «Аталар мирасы» мультимедиалық қоры таныстырылды. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Елбасымыздың Түркі әлемі саммитінде берген тапсырмасына сай, «Аталар мұрасы» атты сайттың таныстырылымы өтеді. Ерекшелігі - 3000 жылдан бергі тарихымыз осы порталда жинастырылады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу