Ол үшін бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінбек. Елді мекен тұрғындарын мазалаған мәселені Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин арнайы барып, көзбен көрді. Қараөткел ауылында шамамен 20 мыңнан халық тұрады. Алайда, ауылда 2-ақ мектеп пен 1 ғана дәрігерлік амбулатория бар. Медицина мекемесі 1984 жылы салынған ескі ғимаратта орналасқан. Жалғыз жедел жәрдем көлігі жұрттың қажеттілігін өтей алмай отыр. Әкім амбулаторияға қажет жаңа ғимарат пен көлік мәселесін шешуді , сондай-ақ, ауылдағы 13 шақырым жолды келесі жылдан қалдырмай жөндеуді тапсырды.
Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:
- Құжаттарды қай уақытқа дейін дайындай аласыздар? Сіздер дайындап болғанша, келесі жылы тағы да жаңбыр жауып, қар түсетін уақытқа жетпесін. Үлгермей қалуларыңыз мүмкін. Сондықтан, жауапты органдармен осы мәселені талқылаңыздар. Мен республикалық бюджеттен қаражат алуымыз керектігін түсінемін. Бірақ, Үкіметтен ақша сұрап өтініш айту үшін де өзіміз дайын болуымыз қажет.
Ермек ЕЛБЕРГЕН