Елімізде көмір бағасы негізсіз өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көмір бағасы негізсіз өскен

24.11.2017

Көмірдің бағасы биыл біздің елде өте қымбат болып кетті. Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды қорғау комитетінің айтуынша, олар көмір бағасын бақылай алмай қалған. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында комитет төрағасының орынбасары Рустам Ахметов айтты. Оның сөзінше, көмір өндіруші 3 компания мен көтерме сауда нарығындағы 100 субъекттен ақпарат алынған. Соның салдарынан көмір 3 есеге қымбаттап кеткені анықталды. «Ал, бағаның өсуінің басты себебі – делдалдар»,- дейді министрлік өкілі.

Рустам Ахметов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды қорғау және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Негізінде сауда нарығын бақылау өте қиын. Яғни, мемлекет нақты бір бағаны орнатпайды. Сондықтан, өндіруші мен тұтынушы арасындағы бағаның өсуі заңбұзушылық емес. Алайда, көмір бағасының қымбаттағаны да жасырын емес. Нарықтағы жағдайды реттеуге ұсыныстар әзірледік.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу