Қарағанды облысында сандық технологияны енгізу ісі қарқын алып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында сандық технологияны енгізу ісі қарқын алып келеді

24.11.2017

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева аймақтағы электронды жүйеге көшу жұмыстарының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мәселен, елімізде баламасы жоқ науқастар туралы мәлімет орталығында өңір бойынша әр емделуші жөнінде толық ақпарат сақтаулы. Облыстық жедел жәрдем станциясының жұмысы да сандық жүйеге көшуде. Кешенді медициналық-ақпараттық жүйеге аймақтағы барлық емхана, ауруханалар енеді. Өзге де салаларда сандық жүйеге көшу жұмыстарының барысы жиында талқыланды. Отырыста бірыңғай төлем картасының жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, жиын барысында білім саласындағы тың технология жетістіктері тілге тиек болды. Бүгінде облыс бойынша 317 мектеп электронды журналға көшкен. 

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

 - Қарағанды облысында денсаулық сақтау жүйесінде пилоттық жобаны бастаймыз. Бұл қағазбастылықтан арылу үшін қажет. Кейбір келеңсіздіктерді түзету үшін біраз уақыт керек, сонда іске асыру оңай болады. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу