Үздік қазақтілді интернет сайт анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік қазақтілді интернет сайт анықталды

24.11.2017

Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет сайт» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын республикамыздың тәуелсіз қоғамдық сайттары қатысты. Олар мазмұны, қызмет бағыты мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, идея ерекшелігі сынды талаптар бойынша іріктелді. Айта кету керек, елімізде балаларға арналған сайттар жоқ. Бұл - осы бағыттағы өзекті мәселелердің бірі. 

Сұлтан Мұстафин, – «247media.kz» сайтының бас редакторы:

- Бұл қазақтілді, аймақтық сайттардың дамуына, тарихты, мәдениетті, әдебиетті, қазақи құндылықтарды дәріптеуді алдыға қоятын талантты  жастарды белгілі бір дәрежеде мадақтау болып саналады.

Хабарламаларға жазылу