Биылғы жылдың алғашқы 10 айында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 45 миллиард теңгеге 12 мың несие берді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге көп. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қор төрағасы Жандар Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жылы да ауыл тұрғындарын қаржыландыру жалғасады.
Қор несиелерінің арқасында 10 ай ішінде 158 сүт қабылдау орталығы, 67 мал сою бекеті, бордақылауға 98 мың ірі қара мал сатып алынған. Бұл шаруалар үшін таптырмайтын мүмкіндік. Қордың жалпы сомасы алғаш рет 104 миллиард теңгеге жетті. Ал, белсенді қарыз алушылардың саны 44 мыңнан асты. Мұндай қолдаудың арасында шаруа қожалықтары ісін өрге домалатып отыр.