Салық төлеушілер үшін арнайы орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық төлеушілер үшін арнайы орталық ашылды

23.11.2017

Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау ауданында салық төлеушілер үшін арнайы орталық ашылды.

Мұнда қызмет көрсету жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ, халықты қабылдау әрі сапалы қызмет көрсету деңгейі бақылауға алынды. Орталықта 30 маман күніне 500 адамды қабылдай алады. Оған қоса, электронды кезек, екінші деңгейлік банктер мен «Қазпоштаның» кассалары да жұмыс істейді. Құқықтық қызмет көрсететін мамандар да бар. 

Қанат Балтабеков, қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

-  Бүгінгі таңда 20 мыңнан аса жеке кәсіпкер, төрт мыңнан аса заңды тұлғалар бар. Әрине, жылдан-жылға 10 пайызға өсіп жатыр. Сондықтан, аудан өскеннен кейін салық төлеушілерге барлық жағдай жасап жатырмыз.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ                                                  

Хабарламаларға жазылу