Батыс Қазақстан облысында ондаған жаңа кәсіпорын салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында ондаған жаңа кәсіпорын салынды

23.11.2017

Батыс Қазақстан облысы экономиканы әртараптандыру бойынша Астанадан кейінгі екінші орында тұр. Өңірге келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді.

Мәселен, ет және шұжық өнімдерін өндіретін «Кублей» кәсіпорны тауардың 50 пайызын экспортқа шығарады. Жазда Иранға 100 тонна ет жіберілген. Желтоқсанда сүйек ұнтағынан үй жануарларына азық өндіретін цех ашылмақ. «Стекло-Сервис» серіктестігінде де дайын өнімнің 30 пайызы экспортқа бағытталған. Кәсібін әйнек кесуден бастаған ағайындылардың шағын бизнесі қазір отандық ірі компанияға айналды. Мемлекеттік бағдарламалар қолдауымен табысты дамып келеді. Серіктестік фин компаниясымен бірігіп, қуат үнемдейтін құрылыс бұйымдарын шығара бастады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 

 - Президенттің Үдемелі-индустриалды даму бағдарламасы бойынша БҚО-на 340 млрд-тан астам қаражат бөлінген екен. Бұл өте қомақты қаражат. Сол қаражатқа қазірдің өзінде 30-дан астам жаңа кәсіпорын салынған. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу