Өскемендегі әскери-техникалық мектептен 40 күн ішінде әскери билет алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі әскери-техникалық мектептен 40 күн ішінде әскери билет алуға болады

22.11.2017

Өскемендегі Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінен 40 күн ішінде әскери билет алуға болады. Яғни, түрлі себептермен әскер қатарына іліне алмай қалған жас жігіттер мұнда дайындықтан өтеді. Егер бұрын курсанттардың жасы 22-27 жас аралығында болса, тамыз айынан бастап 24 жастан қабылданып жатыр. Курс бағасы - 263 мың теңге. Мектеп ашылғалы бері 2500-ге жуық адам арнайы дайындықтан өтіп, әскери билеттерге қол жеткізді. Жылына мектеп 240 адамды қабылдай алады. Мұнда курсанттар жаттығады, шынығады.Әскери тәртіпке үйренеді. Оқуды тәмәмдаған соң, түлектерге әскери-техникалық дайындықтан өткені туралы сертификат беріледі. Соның негізінде азаматтарға әскери билет табысталады.  

Қадырали Мұқашев, әскери-техникалық мектебінің директоры:

- Бұдан шыққаннан кейін әскерге барамын десе, келісімшарт бойынша бара береді. 

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу