Шара еліміздің Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Жиынға қоғам тыныштығын қорғауда ерекше көзге түскен 15 полицей мен бұрын опат болған ер-азаматтардың туыстары, Ішкі істер органының басшылығы және жастар қатысты. «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы мұнайлы өңірде 3 күнге созылады.
Руслан Құрымбаев, ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары:
- Біздің мақсатымыз - мүмкіндігінше еліміздің барлық аймағын қамту. Осы қызметкерлердің ерлік істері арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру және көпшілікке тәртіп сақшыларының жұмысын насихаттау. Сол себепті, жастармен, алыс ауыл тұрғындарымен жүздесуді жоспарлап отырмыз . Атырау облысының 3 ауданына баруды жоспарлап отырмыз: Махамбет, Мақат және Жылыой ауданы.
Құндызай Байтасова, Халық қаһарманы Ғ.Байтасовтың апасы:
- Ағам өзінің 20 жылдай уақытын құқық қорғау қызметі саласына арнады. 20 жылда 25 марапатқа ие болды. Өмірін, адал қызмет етуге арнады. Елін қорғаймын деп өмірімен қош айтысты. Оған Елбасымыз «Халық қаhарманы» деген атақ берді.
Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ