Дін қызметі туралы заң жобасынан міндетті екпе алу туралы норма алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін қызметі туралы заң жобасынан міндетті екпе алу туралы норма алынып тасталды

22.11.2017

Бұл туралы бүгін аталған заң жобасын талқылауға арналған жиында құзырлы министрлік өкілдері хабарлады. Заң жобасы о баста әзірленгенде азамататарды екпе алуға міндеттеу туралы норма кіргізілген болатын. Тіпті, екпе алудан бас тартқан азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да ұсынылған. Алайда, бұл бап талқылау кезінде алып тасталған. Арнайы сауалнамаға қатысқандардың 45 пайызы жеке себептерге байланысты екпеден бас тартса, 40 пайыздан астамы діни қөзқарастарына байланысты екпе алғысы келмейді. Діни көзқарасқа байланысты екпеден бас тартатындар әсіресе, еліміздің батыс өңірінде көп екен. Дегенмен, бұл дін қызметі туралы заңмен болмаса да, өзге де құқықтық құжаттармен алдағы уақытта реттелетін болады.

Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:  

- Біз оны қоғамдық талқылауға салдық. Осы саладағы азаматтардың, сарапшылардың, мамандардың пікірін тыңдадық. Сол талқылаудың нәтижесі қазіргі кезде біздің қоғамға екпені міндеттеу ерте екенін, оған халық әзір дайын емес екенін көрсетті. Сондықтан, оны алып тастадық.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу