Шығыс Қазақстан облысында браконьерлерге қарсы дрон қолданыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлерге қарсы дрон қолданыла бастады

22.11.2017

Облыстық орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл жасағы құрылғының көмегімен қысқа мерзімде 7 заңбұзушылықты анықтады. Әдетте, браконьерлер құрған аулалары мен ұстаған олжаларын аяқ жетпейтін жерге тығып тастайды. Ал, квадракоптермен бұлтартпайтын айғақ материалдарды табу арқылы қылмыскерлерді әшкерелеу оңайға түсті. «Әрі экономикалық тұрғыдан да тиімді», - дейді табиғат қорғаушылары.

Батырхан Сүлейменов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасындағы жедел қимыл жасақ басшысының орынбасары:

- Тікұшақпен ұшқанда сағаты 600 мың теңге тұрады. Ал, дронды сатып алдық, енді оны бірнеше жыл қолданамыз.  Әмбе оның пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені, дрон біз бара алмай жүрген жерге ұшады. Бәрін көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу