Қаңтар-ақпан айларында қыс қатты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар-ақпан айларында қыс қатты болады

22.11.2017

Мұны баспасөз конференцияда Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл қаңтар-ақпан айларында қыс қатты болады. Сондықтан, Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометпен» үнемі байланыста жұмыс істемек. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда су айдындарында адамдардың ажал құшу көрсеткіші де ұлғайып келеді. Бүгінде республика аумағында қысқы кезеңге арналған 76 мұзүсті автокөлік өткелі, 77 жаяу жүргінші өткелі және 412 суасты балық аулау орындары анықталған. Сонымен бірге, Юрий Ильин қыс мезгілінде балық аулау үшін жеке құтқару құралдарының болуын еске салып, мұзы әлсіз су айдындарына шықпауды ескертті.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

- Күз мезгілі басталған сәттен бері балық аулауға шыққан 12 адам ажал құшты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың күзімен салыстырғанда 3 адамға көп. Олар қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған, яғни, қарапайым құтқару кеудешесін кимеген. Өкініштісі сол, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу