Соңғы 10 жылда Қазақстандағы бала өлімінің көрсеткіші 2,5 есеге төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 10 жылда Қазақстандағы бала өлімінің көрсеткіші 2,5 есеге төмендеген

21.11.2017

Мұны бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева айтты. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жиынға министрлік өкілдерінен өзге, депутаттар мен ЮНИСЕФ ұйымының сарапшылары да қатысты.

Жиында балалардың денсаулығы, оларды әлеуметтік желілердегі зиянды ақпараттардан қорғау мәселелері сөз болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, еліміздегі суицидтің 60 пайызын 15-17 жастағы жасөспірімдер жасайды. «Оның бір себебі, интернеттің балаға кері әсер етуі», -дейді мамандар. 

Зәуреш Аманжолова, ҚР Мәжіліс депутаты:

 - Біз бүгін пікірталас алаңында қандай өзекті мәселелер көтерліп, заң жобасына өзгерістер я болмаса толықтырулар қажет болса, оны қарастырамыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу