500 бала отбасына орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

500 бала отбасына орналастырылды

21.11.2017

Еліміздегі 140 балалар үйінің 7200 тәрбиеленушісі жыл басынан бері 500 адамға қысқарды. Балалар отбасына және отбасылық үлгідегі ұйымдарға орналастырылған. Сәби асырап алуға ниет танытқандардың қатарында қазір 2500 жұп бар. Бұл туралы балалар күніне орай ұйымдастырылған конференцияда мәлімдеген Білім және ғылым министрлігінің өкілі «күн тәртібіндегі мәселе балалардың отбасына сәтті орналастырылуы», - дейді. Себебі, жыл сайын шамамен 150 бала жанұяны жатсынып, ұйымға қайта оралады екен. Осындай қателіктерге ұрынбас үшін  былтыр Астана мен Алматы қалаларында Жанұяларды қолдау орталықтары қанатқақты жобасы енгізілген. Енді оны заңдастыру қажеттігі мен барлық балалар үйіне трансформациялау ұсынылуда.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу