Атыраулық зейнеткерлер компьютерді меңгеруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық зейнеткерлер компьютерді меңгеруде

21.11.2017

Атыраулық зейнеткерлер араға 50 жыл салып мектеп партасымен  қайта қауышты. Еңбек демалысындағы жандар заман талабына сай компьютердің тілін меңгеруде.

«Смарт ел» жобасына облыстағы 7 ауданнан 195 адам қатысуда. Бұл жобаның мақсаты - зейнет жасындағы азаматтардың өмірге деген қызығушылығын арттыру. Заманауи жаңалықтардан қалыс қалмау үшін жағдай жасау. Жыл соңына дейін «Смарт ел» жобасы шеңберінде 500 адамды оқыту көзделген. 

Шарипа Қабылова, зейнеткер:

- Қазір технологияның заманы. Сондықтан, біздерде қалыспай, жастармен бірге компьютерді меңгерудеміз.

Сол үшін осы курсқа келдік. Алғашқы бастамасы жаман емес.  Барлық пернелерін басуды, программаларын үйреніп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу