Бүдан кейін де заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында АҚШ-тан келген білікті мамандар иттерді контрабандалық тауарларды жылдым әрі дұрыс анықтауға үйретуде. Америка елшілігінің есірткіге қарсы күрес бағдарламасы аясында олар енді бір ай бойы қазақстандық әріптестерін тегін оқытады. Оқу-жаттығу кинология орталығында, сондай-ақ, шекара бойында да өтеді. Бұл иттердің шынайы жағдайда әрекет етуіне қолайлы. Мемлекетттік кірістер департаментінінің тәлімбағында қазір 26 иісшіл ит бар. Жануарлардың дені бельгиялық және неміс овчаркасының тұқымдары. Олардың көмегімен биыл шекарадан есірткі алып өтуге әрекет еткен 46 оқиға анықталған. Нәтижесінде есірткінің 1 келіге жақын аса ауыр түрлері тәркіленген.
Кристофер Кент, АҚШ елшілігі әскери байланыстар бөлімі есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры:
- Тап осындай даярлық курстары бұған дейін Қазақстанда түрлі құрылымдардың қатысуымен өткізілген болатын. Бұл жолғы оқу-жаттығу барысында иттерді, әсіресе, есірткінің кокаин, экстази секілді синтетикалық түрлерін, сонымен бірге, валюталарды табуға үйретеміз. Сондай-ақ, кинологтардың кәсіби білігін арттыруға да күш саламыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ