«Тайынша-май» зауыты жылына 300 мың тонна май шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тайынша-май» зауыты жылына 300 мың тонна май шығарады

20.11.2017

Биыл Солтүстік Қазақстан облысы майлы дақылдар көлемін 280 гектарға арттырды. Өйткені,  сол аумақта орналасқан «Тайынша-май» зауытынан зығырға тапсырыс көп. Қытай инвесторлары қаржыландырған кәсіпорын өткен жылы ашылған болатын. Осылайша, шаруаларға шаш етектен пайда келтірген зауыт жергілікті жердегі 60 қазақстандықты жұмыспен қамтып отыр. Биыл олар 2000 тонна рабс және күнбағыс майын Қытай еліне экспорттаған. Келешекте көлемін ұлғайтуды көздейді. Бұл Қазақ-Қытай бірлескен 51 инвестициялық жобаның тек біреуі ғана. 

Фан Лунг Фей, зауыт директоры:

- Кәсіпорын күніне 1000 тонна шикізатты өндіріп, жылына 300 мың тонна май шығарады. Біз шикізатты тек қазақстандық шаруалардан алатын боламыз. Әрі өнімдеріміз де Қазақстанның атынан шығады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу