Мектептерде президенттік сайлау өткізу қажет пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде президенттік сайлау өткізу қажет пе?

20.11.2017

Мектеп президентінің сайлауы. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина Астанадағы бірнеше мектептің президентімен кездесті. Айта кету керек, биыл Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен елордада «мектеп президентінің сайлауы» атты қанатқақты жоба жүзеге асырылған. Ол бойынша әр екі жыл сайын мектептердің президенті лауазымына сайлау өтеді. Оған сайлаушы ретінде 2-сыныптан бастап барлық оқушылар қатысады. Басты мақсат - оқушылардың құқықтық сауатын арттыру. Бұл білім жүйесінде бұрыннан бар бастама. Алайда, бұл жобаның басты ерекшелігі - мектептегі сайлау процесі саяси жүйедегі тәжірибеге барынша ұқсас және сайлау өткізудің тәртібін Орталық сайлау комиссиясы жасақтаған. Әзірге Астанадағы 3 мектепте президент сайланған. Мектеп президенттері бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Қазір мектептерде президенттік сайлау өткізу білім беру процесіне қаншалықты қажет екендігі зерделенуде. Содан соң елдегі барлық мектептерге енгізілуі мүмкін. 

Мирас Іскендір, №76 мектеп-лицедің президенті:

- Мен алдыңғы жылы да президент болғанмын. Осы жылы екі жылға сайландым. Өмірлік ұстанымыммен жеңіске жеткен болатынмын. Ұстанымым - өмір бойы білім алу. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу