Сарысу өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны беймәлім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарысу өзеніндегі балықтардың неден қырылғаны беймәлім

17.11.2017

«Сарысу өзеніндегі балықтардың қырылуына судың химиялық құрамының өзгеруі себеп болмаған». Қарағанды облыстық Экология департаментінің мамандары осылай деп мәлімдеді. Алынған сынама қорытындысы бойынша өзен суында темір, марганец, хлорид пен гидрокорбонаттың және сульфиттің сәл көбейгені байқалады. Бірақ, судағы тіршілік иелеріне айтарлықтай қауіп төндіретіндей мөлшерде емес. Балықтары белгісіз себеппен қырылып қалған Сарысудан ветеринарлар сынама алып, жұқпалы ауру мен инфекцияның жоқтығын айтқан болатын. Тек балықтар оттегінің жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Алайда, зертханалық жұмыстар қорытындысы бойынша судағы оттегінің де  жеткілікті екені анықталып отыр. 

Лариса Левченко, Қарағанды облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Өзен суында темір, марганец, хлорид пен гидрокорбанаттың және сульфиттің сәл көптігі анықталды. Алайда, балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын тоғандардағы судың химиялық құрамындағы мөлшерден аспаған. Оттегі де жеткілікті. Сондықтан, химиялық зертхана қорытындысы оң нәтиже берді деп айта аламыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу